Қазақстанда 10 жыл ішінде 100 миллиард теңге елден шығарылған
2016 ж. 24 қазан
2236
0
Қазақстанда 10 жыл ішінде 100 миллиард теңге елден шығарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы журналистерге ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеді.
"Нақты қанша сома екенін айту өте қиын, себебі ол миллиардтаған теңгеге дейін жетеді. Біз ең ауқымды қылмыстық істің қанша болғанын санап шықтық. Енді біз соңғы он жылда қанша қылмыстық істің қозғалғанын білгіміз келеді. Олардың саны шамамен 200 болатын шығар (...). Қазір біз осы қылмыстық істер бойынша шамамен 100 миллиард теңгенің елден шығарылғаны жайлы мәліметті алдық. Олардың енді 30 пайызының қаражаты өндіріліп, Қазақстанға қайтарылды (...). Бұл соңғы он жыл ішінде", - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары.
Сонымен қатар, журналистер Андрей Кравченкодан қай елдерде республикадан шығарылған қаражаттың бақылауға алынғанын сұрады. Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, Солтүстік Америка мен Еуропада бұл мәселе бақылауда.
"Қазір бұл жайлы айту қиын. Бірақ біз әрине, өзіміздің қаражаттардың елден оффшормен шығарылуына қатысты жағдайларды мысал келтіре аламыз", - деді Андрей Кравченко.