Қазақстан Рио-2016 ойындарына қазынадан 3,4 млрд теңге жұмсаған
2016 ж. 12 қыркүйек
2490
1
Қазақстан спортшыларын Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына дайындау және қатыстыру үшін 3,4 млрд теңге жұмсаған.
Бұл мәліметті Мәдениет және спорт министрлігі ҚазАқпаратқа берген жауабында көрсетті.
«Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы және құрама командаларының мүшелерін ресми жолдама және көп сатылы әлем кубоктеріне дайындау, қатыстыруға 2016 жылғы бюджеттен 3,4 млрд теңге қарастырылған», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің нақтылай кетуінше, 2016 жылы ұлттық құрама командалардың спортшылары түрлі спорттан Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 70-тен астам құрлық, дүниежүзілік жолдама жарыстарына қатысты, сондай-ақ олар Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін қалған квоталарды жеңу үшін Әлем кубогінің 52 кезеңіне қатысты.
2016 жылғы Олимпиадаға Қазақстан құрамасында 25 спорт түрінен 105 спортшы барды. Қазақстан Рио-де-Жанейрода өткен олимпиаданың жалпыкомандалық есебінде 22-орын иеленді.
17 жүлде - бұл ел спортшыларының қысқы және жазғы Олимпиада ойындарындағы үздік нәтижесі. Бұған дейін 2008-2012 жылғы олимпиадалар кезінде спортшылар 13 медальді ел қоржына салған болаты.