Дос Көшім: Біздің миллионерлердің байлығы билікке жақындасудан құралған
2016 ж. 04 тамыз
2385
2
- Еркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне ауысқалы бері еліміздегі инфляция деңгейі былтырғы жылғы 3,8 пайыз болса, биыл 16,7 пайызға дейін өсіп кеткен. Бұл Қазақстандағы кедейшілік деңгейін бағалаған Дүниежүзілік банк дерегі. Девальвация тұрғындардың шынайы табысының төмендеуі мен сатып алушылық қабілетіне тікелей әсер етті деген халықаралық сарапшылар, еліміздегі кедейлердің саны халықтың 14 пайызына тең деген қорытынды жасаған. Алайда қоғам қайраткерлері мен әлеуметтанушылар шындығында Қазақстандағы халықтың жартысынан көбі кедейленіп кеткенін айтады,- дейді 31 арна.
2008, 2014 жылдары болған қос дағдарыс елді есеңгіретіп, халықтың әл-ауқатын бірден төмендетіп жібергені анық. Тіршілігін жалғауға нәпәқа тапса, шүкіршілік етіп үйренген қазақ арадағы 10-15 жылда байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылық тым ұлғайып кеткендігін байқамай қалған. Дүниежүзілік банк күнделікті табысы 5 долларға тең, яғни айына 53 мың теңгемен өмір сүріп жүрген адамдарды тас кедейлер қатарына жатқызған екен. Мұнайлы Қазақстанда мұндай адамдар қатары 3-ақ пайыз делінген ресми статистикада. Ал шындығына келгенде тұрғындарымыздың жартысынан астамы кедейшілік деңгейінде өмір сүріп келеді -дейді қоғам қайраткерлері.
Қоғам қайраткері ДОС КӨШІМ осыған қатысты берген сұхбатында былай депті:
- Орта тап кем дегенде 60-70 пайыз болғанда ғана белгілі бір тұрақтылық болады. Ал бізде орта тап менің ойымша, әрі кетсе 20 пайыздай болуы мүмкін. Бұлар кәдімгідей жазда шетелге барып демалатын, әйелінде, өзінде, балаларында бір-бір машинасы бар, көлік айдам келе жатқан уақытта бензинім қанша қалды деп қарамайтын, телефонымда единицам азайып кетеді деп біреудің телефонынан қоңырау шалмайтын адамдардың қатарын айтқан уақытта олар 20 пайыздан аспайды өкінішке орай.
Дәулетті адамдардың көбісінің, барлығы деп айтпай-ақ қояйық байлығы сол биліктің қасына жақындасудан құралған. Ал шетелдерде билік пен байлық екеуі екі бөлек. Мысалы бизнеспен шұғылданатын миллионерлер ешуақытта қаланың замәкімі, болмаса аудан әкімі болайын деп ешуақытта ойламайды, олар мұндайға күле қарайды. «Қажеті не маған?» дейді. Дәл бізде биліктің қасына жақындамайынша, байлыққа жете алмайсың.
Дереккөз: oinet.kz