Бензин бағасы қымбаттады
2016 ж. 12 сәуір
2419
3
"ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттерінде 15 сәуір күні Наурыз мейрамына орай жасалған бір айлық акция тоқтатылады. Оған сәйкес, АИ-92 маркалы бензин 152 теңгенің орнына 118 теңгеге сатылып келді деп хабарлайды NUR.KZ порталы Қазақстан Жаңалықтарына сілтеме жасап.
Ең танымал бензин маркасы АИ-92-нің құны "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттерінде 14 наурыздан бері 7 теңгеге түскен болатын.
Бір ай бойы компания клиенттері литріне 118 теңгеден бензин құйдыру мүмкіндігін алды.
"АИ-92 бензиніне жеңілдіктер акциясы уақытша ғана болатын және наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылды. Біз әр клиентті бағалаймыз. Сол себепті алдын ала нарықтағы бәсекелестік тұрғысынан бағаның көтерілетінін мәлімдейміз. Клиенттер өз қаражатын жаңа бағаға сай жоспарлау мүмкіндігін жасау керек. Клиенттер бұл шешімге түсіністікпен қарап, "ҚазМұнайГаз" бензинін одан әрі де пайдаланатын болады деп сенеміз", - дейді "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС бас директорының орынбасары Олег Иванов.