Нұрсұлтан Назарбаев: Біз бұл мәселені талқылап жатпаймыз
2016 ж. 16 ақпан
2290
3
ҚР Ұлттық банкінің Алматыда немесе басқа қалада болуы маңызды емес. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны дамыту жөніндегі және 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың дайындығы жөніндегі жиналыс кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жиын барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалада бизнесті қолдауға жақсы жағдайлардың қалыптасқанын атап өтті. "Бүгін сіздің саясатыңыздың арқасында Алматы жеке бизнес пен шикізат экономикасы капиталы ретінде құрылды. Мұнда ЖІӨ 34 пайыз және 43 пайыз салық шағын және орта бизнесті құрайды. Бүгінде 10 алматылықтың алтауы шағын және орта бизнеспен айналысады (...). Кәсіпкерлер сіздің Ұлттық банкті Алматыда орналастыру жайлы шешіміңізді қуанышпен қабылдады - бұл кәсіпкерліктің дамуына қуатты қарқын берді", - деді әкім.
Мемлекет басшысы бұған жауап ретінде Байбектен былай деп сұрады: "Ұлттық банк осында орналасқан, бұл маңызды ма?". "Бұл банктер үшін өте маңызды мәселе, себебі банктер жұмыс істейтін жерде, - 100 мың сапалы жұмыс орны, әрине, жалақы жоғары", - деп түсіндірді әкім. "Әлемде Ұлттық банктің қайда орналасқаны маңызды емес, біз бұл мәселені талқылап жатпаймыз, осында қалады, болды. Банктер жұмыс істеуі үшін мұны басты ынта деп есептемеуі керек", - деп жауап берді Назарбаев.
Дерек көзі: tengrinews.kz