Қаржы министрлігінің 1 млрд доллар қарызы бюджет есебінен қайтарылады
2015 ж. 24 желтоқсан
1958
0
Мәжіліс Қаржы министрлігіне 1 миллиард доллар несие алуға рұқсат берді, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Бұл қаржы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға, әлеуметтік сала мен экономиканы көтеруге жұмсалмақшы.
“Бұл несие үшжылдық жеңілдікпен бес жылға беріледі. Қаржы министрлігі оны өтеуді республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыратын болады”, – деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
qazaquni.kz