Қазақтың жері жаппай сатылуда: аукционның бірінші күнінде бюджетке 1,5 млрд қаржы түсті
2015 ж. 04 желтоқсан
4326
7
Инвеститция және даму министрлігі өткізген аукционның алғашқы күні бюджетке бір жарым миллиард теңге түсті, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Аукцион ағылшын әдісімен яғни, баға өсімі бойынша өткізілді. Залға жиналған шетелдік қалталы инвесторлар ақшасын аяған жоқ. Мәселен, бастапқыда 2 миллионға бағаланған Қарағандыдағы алтынға бай Наурызбай, Алтынсай кен орындары 280 миллион теңгеге дейін шарықтап шыға келді.
Бизнесмендер де ақшасын бұлайша бекер шашып отырған жоқ. Ұзақ жылдар бойы игерілмей тұрған жердегі қазба байлықты сатып табыс табуды көздеп отыр. Жалпы, бүгін 100-ден астам жер қойнауы сатылуы тиіс еді. Бірақ, аукционға кейбір қатысушылардың келмей қалуынан тек 49 жер телімі игерілуге берілді.
“Жер қойнауын бере салмаймыз. Келісім-шартқа отырып жалға алады. Бұдан мемлекет те, кәсіпкер де табыс табады. Өйткені қаншама жұмыс орындары ашылады, бюджетке ақша түседі. Елімізде игерілмей бос тұрған жер қойнаулары жетіп артылады”, – дейді Инвеститция және даму министрі Әсет Исекешов.