Ақтаулық кәсіпкер пенопласт өндірісін жаңғыртып жатыр
2015 ж. 30 қараша
2138
0
Ақтауда «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Маңғыстау филиалы мен Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының ұйымдастыруымен баспасөз туры өтті. Шара 2015 жылдың 27 қараша мен 4 желтоқсан аралығында өтіп жатқан Маңғыстау облысындағы «Кәсіпкерлік апталығы» аясында өтті.
Баспасөз туры «Бизнестің жол картасы - 2020» және өндіру өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламалары аясында қолдауға ие болған үш өндіріс ошағы бойынша өтті.
«Ақтау қағаз зауыты» ЖШС-дан басқа журналистер 2009 жылы ашылған «Строй-Пласт-Ақтау» ЖШС-да болды.
Компания металлопластикалық, алюминии терезелер мен есіктерін, қырлы кеспе мен жол жиектерін шығарумен айналысады. Бұрын компания пенопласт шығаратын. Алайда бірінші қазандықтың зақымдануымен бұл өндіріс уақытша тоқтатылды.
Жағдайды жақсартып, материалдық-техникалық базаны жаңарту үшін «Строй-Пласт-Ақтау» ЖШС мемлекеттік қолдауға ие болу үшін «Даму» қорына жүгінді.
«Бірыңғай бағдарлама аясында «Ресей жинақтаушы банкі» АҚ-дан алған несиеге компания жаңа газ қазандығын сатып алды. Ол ескірген жабдықтан әлдеқайда тиімді және үнемді. Соңғы кездері ауылды жерлердегі жобалар саны артып келеді. «Строй-Пласт-Ақтау» ЖШС несие бойынша 4% төлейді, ал 10% мемлекет қаражатына субсидияланып жатыр», - деді Маңғыстау облысы бойынша «Даму» Қоры» АҚ РФ құзыретін арттыру бағдарламалары бойынша бас менеджер Жанар Ермаханбетова.