Сырдарияның сол жағалауына жаңа қала салынады
2015 ж. 26 қазан
3265
1
Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын кешенді түрде дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілмек. Осы мақсатта кезекті он үшінші республикалық қала құрылысы форумы-2015 көрме-семинары ұйымдастырылды.
Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын игеру жайындағы жобаның бүгінде инфрақұрылымына қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылған. Ал жол салу секілді мәселелерді шешу келер жылдың еншісінде, – дейді мамандар.
“Келесі жылдан бастап сол жақтағы көше жол тараптарының негіздемелері мен жобасы мен құжаттары әзірленіп, жаңағы айтқан «Азия» банкімен тиісті мәселелер өзінің шешімін тапқан жағдайда келесі жылдың екінші жартысынан бастап сол жақтағы инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстарды бастау жоспарлануда”, – дейді «Қызылорда облыстық құрылыс,сәулет қала құрылысы» басқармасы басшысының орынбасары С. Тойбазаров.
Басқа аймақтардан келген жиынға қатысушылар соңғы жылдардың өзінде Қызылорданың сәулеттік келбетінің дамығандығын айтып, таңданыстарын жасырмады. Алдағы уақытта жоспарланған жобалар атқарылса, Сыр елінің көркіне көрік қосады дейді олар.
“Мұнда жаңа театр, халықаралық деңгейдегі жаңа спорт кешені болады. Көптеген компаниялар қажет ететін кеңселер салынады. Өйткені, Қызылорда өте бастамашыл қала. Қызылорда облысы дамып келе жатқан аймақ”, – дейді Қазақстан қала құрылысшылар одағының президенті Л. Нысанбаева.
Сәулет, қала құрылысы және қаржыгерлер бас қосқан жиында мамандар аймақты одан әрі көркейту мәселелерін талқылады. Және мұнда шетелден келген мамандар да өз тәжірибелерін ортаға салды.
Дереккөз: 31 канал