Алматының Наурызбай ауданында «Казкоммерцбанк» мектеп салады
2015 ж. 13 қыркүйек
1914
0
Қала әкімі Бауыржан Байбек «Казкомерцбанктің» бас акционері Кеңес Рақышевпен кездесіп, 2015-2018 жылдарға арналған меморандумға қол қойды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. Кездесу барасында Алматының жаңадан құрылған Наурызбай мен Алатау аудандарының әлеуметтік жобаларына 300 миллиард теңге жұмсалатын болып келісілді. «Екі жақты кездесуіміз – Елбасымыз айтқан ынтымақтастық аясында өтті. Біз Наурызбай ауданында 1200 орындық мектеп салу жұмысын бүгіннен бастап жіберуге дайынбыз. «Казком» қай кезде де Алматыны көркейтуге атсалысқан» деді Кеңес Рақышев.
Талғат Сүйінбай.
Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/09/11/75786