Сарапшы: Жыл соңына дейін доллар бағамы 250 теңгеге дейін жетеді
2015 ж. 25 тамыз
1760
0
Экономист Петр Своик Қазақстан 3 жылға созылатын дағдарсықа тап болды деп есептейді. Оның айтуныша, жыл соңына дейін доллар бағамы 250 теңгеге дейін жетеді.
Бұл туралы timeskz.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
“Долларына 210-215 теңге дегенді біз ендігі көре қоймайтын шығармыз. Менің болжамыма сәйкес, доллар бүгінде 220 теңге төңірегінде болады. Ал күзде ол біртіндеп көтеріліп, долларына 250 теңгеге дейін жетеді”, – дейді экономист Петр Своик.
Сарапшы мұндай жағдайда барынша денсаулыққа мән беріп, әлі қымбаттап үлгермеген азық-түлектермен қамданып алуға кеңес береді.
“Жұмысыңыз, отбасыңызды жоғалтып алмай, денсаулығыңызға да көбірек мән беріңіз. Егер сізде артық қаражат бар болса, оны әзірге қымбаттап үлгермеген ұн, қант, май сияқты азық-түліктерге жұмсаңыз. Долларды төмен бағаммен алып үлгермесеңіз, қатты қапаланбай тіршілігіңізді жалғастырыңыз” , – деп кеңес берді маман.
Сарапшы қазіргі девальвацияның орын алуын бар қиындықтарды халықтың мойнына арта салу әрекеті деп бағалауда.
“Мен девальвацияны мемлекеттің ішкі қарыздарға қатысты мәселелерді қарапайым халықтың мойнына арта салу әрекеті деп есептеймін. Бұлайша шикізат саласындағылардың қиындықтарын өзгелердің есебімен еңсеру дұрыс емес. Девальвация өзге экономика саласындағыларды құрдымға кетіреді. Меніңше, біз 3 жылға дейін созылуы мүмкін ұзақ дағдарысқа тап болдық. Осы орайда мемлекет ҚҚС мөлшерін көбейтіп, жұмыскерлердің жалақысына жаңа салықтар салуға кіріседі деп ойлаймын”, – дейді экономист.
Еске сласақ, бұған дейін Петр Своик президентті ұлықтау рәсімі мен Астана күні өтіп бітпейінше, девальвация Қазақстанда орын алмайды деген болжамын жариялаған болатын.