Назарбаев зейнетақы есептеудің жаңа ережесін бекітті
2015 ж. 05 тамыз
2642
15
Еліміздегі зейнетақы жүйесіне ауқымды өзгеріс енді. 2017 жылдан бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне қарай төленетін болды.
Парламенттің қос палатасы мақұлдап, Ақордаға жіберген құжатқа бүгін Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Енді, егер еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе мүлдем болмаса, онда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің тең жартысы, яғни 10 мың теңгеден сәл-ақ асады.
Ал, еңбек өтілі бұдан жоғарыларға зейнетақы бөлек есептелмек. Сондықтан қарттығын қамсыз өткізгісі келгендер тыным таппай еңбек етіп, қорға ай сайын қаржы аударып тұруы тиіс. Сондай-ақ жаңа заң бойынша, қазақстандықтар 3 деңгейлі зейнетақы алатын болады.
Базалық, жұмыс берушілердің 5 пайыздық жарнасынан төленетін зейнетақы және әркімнің жеке 10 пайыздық жарнасы. Сонда зейнетақыға үш тарап: мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың өзі жауапты болады.
Дереккөз: КТК арнасы