Ұлттық банк долларға қатысты теңге бағамының тербеліс шегін $1-ға 198 теңгеге дейін көтерді

Ұлттық банк теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбас бағамының тербеліс дәлізін 185-198 теңге (+Т13, -Т15) аралығына дейін кеңейтті, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.

photo_162528

«Алда да бағамның икемді және ырғақтылығын қамтамасыз ету мақсатында алдағы орта мерзімдік инфляциялық таргеттеуге өту аясында Ұлттық банк айырбас бағамының тербеліс дәлізін қазіргі 185 (+3, -15) – тен Т185 (+Т13, -Т15) аралығына дейін кеңейту туралы шешім қабылдады», – деді Келімбетов сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

«Біз былтырғы ақпан айында бекітілген алдыңғы дәліз, одан кейінгі қыркүйекте енгізілген түзетулер теңгені нығайту бағытында болды, ал жалпы алғанда, ұзақ уақыт қызмет етті және қабылданатын жаңа дәліз қазіргі ырғақты саясатты сақтағанда, бұл да бізге ұзақ уақыт қызмет етеді деп есептейміз», – деді ол.

«Елдегі валюта саясаты екінші жартыжылдықта өзгермейді. Біздің ойымызша, валюталық дәліз бүгінгі таңда оңтайлы деңгейде. Бірақ қазіргі уақытта доллар бағамы белгіленген межеден сәл асып кеткендіктен, бүгінде биржада доллар бағамы 180 теңгеден жоғары, осы ретте біз валюта саясатының ортамерзімді таргеттеу саясатына көшу қарсаңында доллар бағамының дәлізін 185 теңге плюс 13, минус 15 теңге деңгейінде, яғни 170 теңгеден 198 теңге аралығында етіп белгілеуді шештік», – деп атап өтті ол.

Дереккөз: Nur.kz