«Ақтау теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту» жобасы ұсынылды
2015 ж. 06 шілде
4638
0
«Индустрияландыру күні» шеңбері аясында 2 маусым күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпірге «Нұрлы жол – Путь в будущее» мемлекеттік бағдарламасымен іске асырылып жатырған «Ақтау теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту» және «Боржақты-Ерсай» теміржол тарауының құрылысы» атты екі жоба ұсынылды.
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Михаил Ялбачев онлайн тәртібінде «Ақтау теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту» жобасын іске асыру барысы туралы айтты.
Құрғақ жүкті өңдеу арқылы порт қуаттылығын арттыруға бағытталған жобалық қуат жылына 2,5 млн. тонна құрғақ жүкті құрайды.
«Жобаның құны 38 миллиард теңгені құрайды. Бүгінгі таңда астық, контейнерлік және негізгі жүкке арналған айлақ бойынша жұмыстар аяқталып қалды. Астық сүрлейтін шұңқырдың барлық алты терминалы көтерілді, жабдықты құрастыру ісі бітуге жақындады. Порт флотына арналған төртінші айлақ та аяқталу барысында. Сондай-ақ әкімшілік ғимараттың, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, материалдық қойма, инвентарлық қойма мен көлікжай орталықтарының іргетасы қаланып жатыр. Сонымен қатар автокөлік кірме жолдарын төсеу жұмыстары да атқарылуда. Барлық жұмыстар қатаң түрде кесте бойынша жүргізілуде. 300-ден жоғары жұмысшы тартылды. Объектіні тапсыру 2015 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланып отыр», - деп атап өтті Михаил Ялбачев.
Жобаға сәйкес әрқайсысы 10 мың тонна болатын алты бункерден тұратын астық қоймасының құрылысы қарастырылған. Ол жылына 1,5 миллион тоннадан көп астықты тасымалдауға мүмкіндік береді. Жылына 1 миллион тонна жүкті өңдейтін контейнерлік алаңша мен әрқайсысы 150 метр болатын үш айлақ теңіз портының көліктік шамасын дамытуға көмектеседі.
Жобаны іске асыру 3 кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезең бойынша құрылыстары 2009 бен 2012 жылдары аяқталған 2006-2011 жылдар аралығында қорғаныш құрылыстары мол мен толқын тосқы салынды. Қаражат көзі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қарыз есебінде алынды. Құрылыстың жалпы құны – 10,82 млрд. теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта 2-нші кезең бойынша 2013-2015 жылдарға есептелген «Түпке дейін үңгу жұмыстарын өткізу» жұмыстары жүргізілуде. Жобалық құны – шамамен 5,4 млрд. теңге. Түпке дейін үңгу жұмыстарын алдағы уақытта жалғастыру үшін «АХТСП» ҰҚ» өз қаражаттарын бөледі.
«Inter port development PTE.ltd» (Сингапур, 60%), «KTZ Express» АҚ (30%), «Ақтау ХТСП» ҰҚ» АҚ (10%) компанияларының қатысуымен 2014-2015 жылдарға арналған «Құрғақ жүк терминалы мен инфрақұрылымның құрылысы» 3-нші кезеңін жүзеге асыру үшін «Ақтау теңіз солтүстік терминалы» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылды. «Мемсараптама» РМК қорытындысына сәйкес құрғақ жүкті айлақ пен инфрақұрылымдық порттың құрылысына жұмсалған инвестициялық шығын 36,5 млрд. теңгені құрайды.
Жалпыұлттық телекөпір барысында мемлекет басшысы құрылыс жұмыстары 2014 жылдың 1 қазаны күні басталған «Боржақты-Ерсай» теміржол тармағының құрылысымен танысты. Теміржол магистралі арқылы Құрық портының құрылысына қажетті жүктер жеткізіледі. Болашақта бұл тармақ теңіз мұнай операцияларын қолдайтын маңызды инфрақұрылымдық объект болады. Ол жұмыс жасап тұрған «Маңғышлақ-Өзен» магитраліне жанасып салынып, қуатты паромды кешен тұрғызылып жатырған Каспийдегі Құрық порты бағытына апарады.
Қазіргі уақытта Боржақты станциясында негізгі және қабылдап-жіберетін екі бекеттің жолдары, тоғыз стрелкалық жолдар төселді. Бүгін де станция белсенді түрде жүктер мен құрылыс материалдарын қабылдайды. Жұмыс пойыздары 7-маусымнан бастап жүріп жатыр. 1-маусымнан бастап жаңа теміржол тарауы арқылы Ерсай станциясы мен Құрыққа цемент, құм, темірбетонды блоктар жүктері жеткізіліп бастады. Бұл материалдардың барлығы паромды кешенді тұрғызуға қажет. «Боржақты-Ерсай» жобасы бойынша барлық жолдардың ұзындығы, бекеттерді қосып есептегенде 23,8 километрді құрайды.
Маңғыстау аймағы елдің экспорттық-транзиттік шамасын дамытатын маңызды көліктік-логистикалық торап болып келеді. «Теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту» мен «Боржақты-Ерсай» теміржол тарауының құрылысы» жобалары батыс бағыттағы порттар арқылы Каспийге апаратын Қазақстанның транзиттік және экспорттық шамасын нығайтуға бағытталған ірі жобалардың құрамына кіреді. Өз кезегінде, ол Маңғыстау облысының Қазақстанның оңтүстік-батысында өңірлік хаб болып біржола қалыптасуына мүмкіндік береді», - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
Анықтама үшін: Өткен жылы Қазақстанның теңіз қақпалары арқылы тасымалы 10,3 миллион тоннаны құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 2%-ға артты. Теміржол арқылы 6,2 миллион тонна тасымалданды (тасымал көлемі 10%-ға артты). Тасымал көлемінің өсуі Жезқазған-Бейнеу және Өзен-Болашақ жаңа теміржол тармақтарының пайдалануға берілуімен байланысты.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.