Бәрі өзімізде бола тұра, шетелден сатып аламыз...
2014 ж. 22 мамыр
2177
0
Алматы алманың отаны деп мақтанамыз. Алайда, жыл сайын 150мың тонна сырттың алмасын жейміз. Бізде темір мен металлдың түр-түрі жетеді деп жар саламыз. Бірақ, шеттен 5 мың вагон, 2 млрд долларға темірден жасалған зат сатып аламыз. Жылына 80 млн тонна мұнай шығарамыз деп айғайлаймыз. Сол Ресейдің бензиніне тәуелдіміз. Кәдімгі құмды алайықшы. Бізде құмға батқан өңірлер көп. Үрлеп жіберсеңіз, тазалығы тоғыз төрттік. Сапалы құмнан ыдыс шығаруға бола ма? Қайдағы? Жылына 500 млн тонна ыдысты шеттен тасимыз. Жиһаз, киім-кешек, техника, бәрі-бәрі импорт. Шамамен жылына 30 млрд долларға зат әкелсек сырттан, ең құрығанда 10 млрдына жұртқа телмірмей өзімізде шығаруға болады екен. О не дегеніңіз... Қажеті қанша? Ел бюджетіне түсетін кірістің 80 пайызы мұнайдан. Мұнай арзандамасын деп көмекті көктен тілеп жата берейік те... Это по-нашему, по- базарбаевский..
Дина Төлекова, фэйсбук парақшасынан