Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінен кетті
2020 ж. 16 қаңтар
1651
0

Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті. Осындай құжат eGov порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет қаулысымен премьер-министр Асқар Мамин директорлар кеңесі құрамынан шығарылды. Сондай-ақ, кеңестен Президент көмекшісі Тимур Сүлейменов те кетті.
Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі Президент көмекшісі Қанат Бозымбаев болды.