Астанадағы «Хайвилл Қазақстан» кеңсесі өртенді (видео)
2019 ж. 14 ақпан
1980
0
Астана қаласындағы «Хайвилл Қазақстан» кеңсе ғимаратындағы өрт толығымен сөндірілді, деп хабардайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, 13 ақпанта кешкі сағат 21:11-де Астана қаласының өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне Сарыарқа көшесінің бойындағы «Хайвилл Қазақстан» кеңсе ғимараты өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түскен.
Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД-ның 65 қызметкері мен 16 көлігі жұмылдырылды. Өрт сағат 22:45-де ауыздықталды. Жалын 1500 шаршы метр аумақты шарпыған. Бастапқы мәлімет бойынша, өрттен ешкім зардап шекпеген.