"Екінші әйелімін": Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің өзінен 12 жас үлкен екенін айтты (видео)
2018 ж. 02 қазан
10055
0
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Күйеуі мен бала-шағасы жайлы шындықты айтты.
Ләйлә Сұлтанқызы өзінен 12 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанын, және оның өз отбасы бар екенін ашық айтты.
“Мен Қайраттың екінші әйелімін. Оны көбі біледі. Күйеуімнен 12 жас кішімін. Бес баласы бар. Екеуміз үйленер алдында маған талабын айтты. Ешуақытты менің бірінші орында болмайтынымды ескертті. Бірінші кезекте балалары, содан кейін ғана менің жағдайым. Осыған келіссең, бәрі жақсы болады деді. Оны қабылдадым. Және ол шарт бұзылмайды. Бірінші екеуміздің емес, оның бірінші некедегі балаларының жағдайы жасалады", – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Еске сала кетейік, жақында "Қазақ үні" ақпарат агенттігінде "Көңілдес болғым келеді: Жетінші арна елге не көрсетіп жүр?" атты мақала жарияланған болатын. Онда Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін атышулы бағдарлама сынға алынған.
qazaquni.kz