Асқар Садықов: Ел игілігіне жарайтын жақсы интернеттің жоқ екенін мойындау керек
2023 ж. 11 желтоқсан
16436
0
Ютуб арнасында «Қазақ үні» ақпарат агенттігінің жаңа жобасы жарыққа шықты. «Қазақ үні» подкасты аясында елге белгілі азаматтардан сұхбат алып, өзекті тақырыптар көтерілмек.
Подкаст «Ақ жол» демпартиясының жаңадан ашылған, барлық заманауи жабдықтармен жасақталған студиясында түсіріледі.
Алғашқы болып «Ақ жол» демпартиясының депутаты Асқар Садықов «Қазақ үні» ютуб жобасына сұхбат берді.
Депутаттың сөзінше, партияға интернеттің жоқтығына, оның төмен жылдамдығына байланысты еліміздің түкпір-түкпірінен арыз-шағымдар келеді.
Қарапайым адамның қолдануына, игілігіне жарайтын жақсы интернеттің жоқ екенін мойындау керек. Ал дүниежүзінде қолайлы, тез іске асатұғын желі болса, халқың үшін сол алпауыт компаниямен неге келіспеске? «Ақ жол» депутаттары Starlink спутниктерін қойдыру жөніндегі мәселені 2 жыл бұрын көтерген болатын. Осы интернет желісі медицина мен көлік логистика секторында төтенше жағдайларда жедел жәрдем және апаттық қызметтерді шақыруға мүмкүндік береді. Адам өмірін сақтап қалсақ, бұдан маңызды не болуы мүмкін? – деп ақтарылды депутат.
Жақында Садықов Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннен өз қаражатына Starlink желісіне қосылған азаматтарды қудалауды тоқтатып, оларға техникалық көмек көрстетіп, орнатылған Starlink қондырғыларын заңдастыруды және Starlink интернет желісіне заңды және қауіпсіз қосылу үшін қажетті техникалық шешімдермен қамтамасыз етуді жылдамдатуды талап еткен болатын.
Ал министрдің хабарлауынша, елімізде тұрғылықты жеріне байланысты интернет жүргізу өте қиын саналатын 500-ге жуық ауыл бар.