Түрікменбашының министрлерімен футбол ойнағаны қызу талқылануда (видео)
2021 ж. 16 қараша
39507
0

Түркиядағы саммиттен өз еліне оралған Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов өткен демалыста футзал ойнағысы келіпті, - деп жазды zakon.kz.
Сосын министрлерін шақырып алып, әлгілердің алақандарына өз қолымен антисептик сеуіп беріп, солармен доп тепті.
Бірақ "Хроника Туркменистана" каналы жариялаған видеоға қарасақ, бұл ойын тым сүреңсіз болған сияқты: Түрікменбашының тепкен добын қайтаруға қақпашының дәті шыдамайды.
Футзалды тындырған соң, президент ұшағына мініп, кете барды, министрлер қол бұлғап қала берді.