Шешенстанда франциялық мұғалімнің басын кескен жігіт құрметпен жерленді (видео)
2020 ж. 07 желтоқсан
4248
0
Париж маңында дәрісінде сөз бостандығын талқылау кезінде Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен суреттерді көрсеткен тарих пәні мұғалімінің басын кесіп тастаған 18 жастағы шешен жерленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Абдуллак Анзоров Шешенстанның Урус-Мартан ауданында құрметпен жерленді.
2020 жылғы 16 қазанда Конфланс-Сент-Онорин қаласында 18 жастағы шешен париждік мұғалімнің басын кесіп тастады. Қылмыскерді полиция атып өлтірген.
Осы жағдайдан кейін Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы Франциядағы мэрия қабырғасында көрсетілді.
Анзоровтың денесі Франциядан Шешенстанға жеткізілді.
Жерлеу рәсіміне шамамен 200 адам - Анзоровтар отбасының туыстары мен достары қатысты. Жергілікті билік арнайы қауіпсіздік шараларын қабылдады - жерлеу рәсімі өткен ауылға негізінен сол жерде тұратындарды жіберді, ал 65 полиция қызметкері тәртіпті сақтау үшін жақын маңда жүрді.
Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров марқұмның қылмысын мойындады, бірақ жас жігітті мұғалім арандатқанын атап өтті.