Милиция қызметкері өлім алдында коронавирус қаупі туралы видео жариялады
2020 ж. 01 шілде
1471
0
Бішкекте криминалдық милиция қызметінің жедел уәкілі Бердібай Элакунов қайтыс болды, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
Дереккөз мәліметінше, ер адам ауруханада көз жұмған. Өлімнің себебі анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамнан пневмония анықталған.
"Жігіттер, саламалейкум! Сақ болыңыздар. Бұл қорқынышты, өте қорқынышты ауру екен. Сондықтан сақ болыңыздар. Маска тағыңыздар. Мұнда ұлттық аурухана адамдарға толы. Әлі қабылдамай жатыр. Оларды қаншама жедел жәрдем көлігі тасып жатыр. Қалада жағдай қорқынышты", - деген науқас.
Бұл видео желілерде тарап кетті.
Айта кетейік, бүгінде Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5 мыңнан асып кетті. 2 мыңнан аса адам сауығып, 57 адам қайтыс болған.