Алматы облысында бір топ адам күшікті тірідей өртеп жіберді (видео)
2020 ж. 05 маусым
1672
0
Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіде пайда болған видеоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірнеше адам күшікті тірідей өртеп жіберген.
Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде тараған видеоның Алакөл ауданындағы Қабанбай ауылында түсірілгені анықталды, - деп хабарлайды sputniknews.kz.
Болған оқиға жұрттың ашуын тудырды. Олар видеодағы адамдарды тауып, қатаң жазалауды талап етіп отыр. Алматы облысы полициясы қылмыстық кодекстің 316-бабы 2-бөлігіне сәйкес ("Жануарларға қатыгездік жасау") сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта адамдарды анықтау үшін кешенді жедел және тергеу шаралары жүріп жатыр. Олар міндетті түрде заңнамаға сәйкес тиісті жазасын алады", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Егер полицейлер оқиғаға қатысы бар адамдарды ұстаса, олар 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл төлейді (555 600 теңге) немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.