Арыста қыз алып қашқандар видеоға түсіп қалды
2019 ж. 25 желтоқсан
2175
0
Түркістан облысы Арыс қаласында қыз алып қашқандар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлердің видеосы Instagram желісіндегі v.shymkente парақшасында жарияланды. Үш жігіт қызды автомобильге күштеп отырғызған. Куәгерлер жігіттерге қарсылық көрсетпек болған, алайда алып қашқандардың бірі куәгерді құлатып түсіреді.
Түркістан облыстық Полиция департаменті өкілдері оқиғаның Арыста 23 желтоқсанда болғанын хабарлады. Ер адам қызды үйлену үшін алып қашқан. Қыздың анасы арыз түсіріп, "Адам ұрлау" дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр екен. Ал қыз алып қашқан жігітке қарсы болып, қазіргі уақытта үйіне оралған.
Посмотреть эту публикацию в InstagramКешегі зоопарктен қашып кеткендер осылар ғой дим!!! 🤦🏾♂️🤦🏾♂️🤦🏾♂️ #позор