Қарағандыда белгісіз біреу жолаушылар автобустарына оқ атты (видео)
2019 ж. 10 қазан
2294
0
8 қазанда қаладағы аялдамалардың бірінде белгісіз береу пневматикалық қарудан адамдар отырған жолаушылар автобустарына оқ атқан. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Оқиға 45 квартал аялдамасында кешкі 19:00-де болды. Белгісіз адам аялдама маңында тұрып, бұзақылық әрекеттермен № 40, 45, 33 бағытында жүретін автобустардың терезесін сындырған. Ол пневматикалық қарудан оқ атты. Оқиға болған кезде автобус салонында шамамен екі жүздей жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ", - деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Полицейлер автобустардың бірінен металл шаригін тапқан, оның диаметрі - 4,5 милиметр, пневматикада қолданылады. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Бұзақылық") бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер бұзақының кім екенін анықтау және ұстау шараларын жүргізіп жатыр", - деді ведомство өкілдері.