Иордания елшісі Абайдың өлеңін қазақша оқыды
2019 ж. 09 қыркүйек
2473
0
Иордания корольдігінің Қазақстандағы елшісі Юсуф Абдулғани Абай өлеңдерін оқу эстафетасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Иорданиялық елші эстафетаны Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Айдарбек Тұматовтан қабыл алғанын айтып, Абайдың «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» атты өлеңінен екі шумақ оқып берді. Содан кейін ақын шығармасының арабша аудармасын оқыды.
Юсуф Абдулғани Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Мухаммад әл-Жаберге жолдады.