"Құйрығын түрткілей беруді" қойыңдар!.
2016 ж. 17 наурыз
4671
2
Дархан да - Қазақ, дарақы да - Қазақ... Сайлау науқанына дайындықты сынаудың орнына, Астанадағы "Жігіт пен Қыз" мүсінін сыбайтындар көбейді. "Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады... Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды" (Абай). Мүсінді "ұятсыз" санап жүргендер де дәл солай - ұялмас нәрседен ұялып, ұяларлық нәрседен ұялмайтындар. Енді, соларды соноу-у шет елдердегі антикалық құндылықтар мен ортағасырлық Ренессанс қазыналарынаалып барыңыздаршы, өркениет жауһарларына қаны қас ИГИЛ жендеттеріндей ыза-кекке булығып, бәрін де тас-талқан етуге кірісер ме екен, не істер екен?! Жоға, түк те істей алмайды! Сондай өп-өтірік намысқойлық, өп-өтірік мәдениеттілік, өп-өтірік моральсоғушылық, өп-өтірік халық қамын ойлаушылық - қайдан шыққан пәле өзі?! Олардың айтпағы не, "ұлттық киім я хиджаб кигендердің ұятсыздығы жойылып кетеді!" - дей ме?! Ол не сандырақ?...
Жоқ, бауырлар, Өмірде Өнер мен нәпсі бар. Нәпсіден - Өнер, Өнерден нәпсі шықпайды. Өнер туындысына қарап, нәпсі қоздырушылар - нәпсінің құлдары. Сонсоң бар ғой, бауырлар, Жаратушыға тартып туған жоғарымәртебелі Әйелзатына "балапан өндірІп бағатын фабрика ғана" деп қарауды доғару керек! Әйелзаты - жұпар гармония мен грация символы, іңкәрлік пен мейірім нұрының қайнар көзі. "Тал бойында бір мін жоқ", "Омырауынан жұпар аңқыған" сынды сансыз көне фразеологизмдер соны айтады. "Ұятсыз бала Шешесінің .... шұқылап ойнайды" деген де нақыл бар, аталмыш ескерткіштегі Қыз мүсінінің де "құйрығын түрткілей беруді" қойыңыздар, бауырлар!
Тыныштықбек Әбдікәкімов
qazaquni.kz