Құсбегі Дәуіттің басына кешкендері
2016 ж. 16 ақпан
6171
14
Шекара бұзған құсбегі
Дәуіт құсбегі Құлжаның қырқасында Бүркіт салып жүріп аң кезікпеген соң жотаның биіктеу шоқысына шықса, Бүркіті тіленіп болмайды. Ақыры томағасын сыпырып бүркітін ұшырады. Қанатын асыға қағып-қағып жіберіп, көкке кілт көтеріле зымыраған құсының бұл шабыт алып ұшқан қимылына қарап-ақ аңды көзі шалып кеткенін сезген құсбегі құсы асқан белді бетке алып, артынан ере шауыпты. Барса бүркіті бір қара құйрықты ұстап, басып отыр екен. Дереу аңды бауыздап жіберіп, өкпе-бауырын алып, бүркітін қызылдатыпты да, қара құйрықтың терісін сыпырып жатқанда аты үйірсектене тыпыршып, кісінеген соң қараса мылтықтарын кезей ұстап екі әскер өзіне қарай шауып келеді екен. Бір жағдайдың болғанын іші сезген Дәукең аспай-саспай құсын ұшырғанша, мылтықты екі әскер жетіп келіп аспанға мылтық атып "Қозғалма!" - деп айғай салыпты. Бүркітшіні қолын артына қарай байлап, аяғын ат буырына таңып жетектей жөнеліпті. Сөйтсе аң қызығында жүріп байқамапты, шекара сызығынан өтіп, орыс жерінде бүркіті екеуі ойран салып жүрген екен ғой, жарқытық. Әскери заставада үш күн қамалып, неше түрлі сұраққа жауап беріп, "бүркітшімін, байқамай қалдым" – деп, әрі дала кезіп жүретін бұл құсбегіні әскерлер де танып, ақыры босатып қоя береді. Дәукең үйне келсе, бүркіті сол күні ұшып үйне келіпті. Содан ауыл адамдары алаңдап, іздеуді бастаған екен. Алайда не өлі, не тірі екені белгісіз болған соң, өлдіге санап жоқтап, жылап, улап-шулап жатыр екен. Иесін көріп аман келдің бе дегендей бүркіті пыштактап қанатын қағып жібергенде көріп турғандарды еріксіз толқып көзден жас ағызған екен.
Қазақы Қостөбет немесе Жаламаның қырғыны
[caption id="attachment_46821" align="alignleft" width="491"] Дәуіт құсбегі ұрпақтарының ортасында[/caption]Дәуіттің бала жастан бері қасынан қалтырмайтын ежелгі қазақ төбетінің ұрқы болса керек қос төбеті болған. Төбеттерін ертіп аңға шыққанда ақылды төбеттер бүркіт алып шықса, түлкіні үркітіп, қағушы болады екен, ал өздерін ғана ертіп шықса бүркітке жем болар аңдарды ұстап, иесіне әкеп беретін болыпты. Осы қылығымен-ақ қос төбет аңкөс Дәукеңнің мықты әрі сенімді серігіне айланыпты. Бұл қос төбеттің ел игілігі үшін жасаған жақсылығы деуге болатын мына бір әнгімені Дәуіттің бүгінгі ұрпағы жыр қылып айтады. Әуелі әңгімемізге кіріспес бұрын мына бір тарихи жайға тоқтала кеткен дұрыс секілді. ХХ ғасырдың басында «Жаламаның» дүрбелеңі басталғанда Шәкен екі қызы және ұлы Дәуітпен бірге болады. Монголды билеген Боғдаханнан арнайы рұқсаты бар қазақтар Жалама атаған шын аты Дамбижанцан Баян-Өлгйи жеріндегі елді Увс аймағына қарай көшіріпті. "Да Лам" елді әскер күшімен Увсының "Өрікті көліне" айдағанда, Сүкірбай бастатқандар ел-жұртты аман алып қалу үшін Алтай асып бас сауғалауды жөн көріп қашады. Шерушілерді соңынан ерткен Қиюбай Қос-Ағаштың Шүйіне қарай Шыбарайғыр, ботақара, Дэлүүн, Бұлғында қалған рулар айдауға түскенде біздің ауылда солармен бірге кетіп қалады. Ал Қылаңның қарауындағы Бақат руы да осында қалады.. Қытай асып қашқан қарақас руның елу баласын жендеттер киіз туырлыққа орап ен далаға тастап: "ішегі қатып, сілесі құрып өлсін" деп қастандық жасайды. Қазір Дэлүүннің Шегіртай деген жерінде "Елу бала дарасы" атты тарихи өлке бар. Сонымен қатар Дамбийжанцан Қарақастың Ақымбек, Үмітай деген жігіттерін тірідей сойып терісіне кеп кигізіп іліп қойғаны адамзат тарихында болмаған қатыгез-жауыздық болып саналады. Осылайша елдің жүрегін алып қорқытып, үркітіп, қырық әскерімен айдап Өрікті көлге (Үүрэг нуур) әкеледі. "Сол кезде 10-11 жастар шамасындағы ес біліп қалған бала едім" - депті кейіпкеріміз Дәуіт марқұм. - Елдің мыңғырылған малымен малшыларымен бірге жылқы соңында болдым. Бір күні түнде күбір-сыбыр көбейіп, біздің адамдар әскерлерді қырып тастап қашу қамына кіріскен екен. Балта, күрек, кетпенімен қаруланған жігіттер қарауылын өлтіріп, әскерлер жатқан үйдің іргесін көтеріп лақтырып тастап оларды тұтастай қырып салады». Сол түні ел Танга-Туваның Асгант асуымен Орыс еліне қарай жөнкиді. Сөйтіп бір тайпа ел Шүйдегі наймандарға көшіп барып бас сауғалап аман-есен қалады.
[caption id="attachment_46822" align="alignright" width="230"] Дәуіттің ұлы Нұржаубай Монголия парламент депудаты Бәкей Ағыпарұлымен бірге[/caption]Дәуітің баласы Нұржаубайдан бұл жайды толықтырып сұрағанымда, «Бұл туралы әкеміз былай деген еді – деп сөз саптады. "Бара сап ел бастап келген үлкен адамдарды орыстар қамап тастады. Жылқы іңірттеп жүргенде жаныма үнемі екі қара ала төбетімді ертіп жүретінмін. Жылқы ішінен, тоғай арасынан бір бұғы шыға келді. Екі итім әлгі бұғыны тақымдай қуып ауылдың өр жағындағы бір үңгір тасқа әкеп тықсырды. Мен аулыға шауып барып жігіттерді ертіп келдім. Жан-жақтан тастаған шалмадан екі арқан мойынына түсті. Ылдилай тартқан бұғы тақымдап тартқан екі атты кісіні бір-біріне соғып құлатқанымен жабылып жүріп ұстап, бауыздап алдық... Орыс бастықтарға сол бұғының он екі сала мүйізін және үй-үйден алтын-күміс ақша жинап қамауға алынған адамдарды шығарып алдық. Сол жылы өте қатты болды. Орыс елі "Жа Лама"-ға қайта тапсырамыз деген соң, тағы үркіп, Ойғырдан асып кеп, Хобда ішімен өрлей көштік. Сонымен елдің алды-артын жинап бір-екі күн Сырғалы жағасына тыныққан соң Сұмдыайрық асуымен Алтай асып кеттік" дейді» - деп еске алады.
Маршал Х.Чойбалсан үйінен дәм татқан құсбегі
1929-1930 жылдары батыс шекараны көзбен көріп аралап жүрген Маршал Х.Чойбалсын Дәуітің әкесі Шәкеннің үйіне келіп дәм татқан. Кетерінде Шәкең Чойбалсының әскерлеріне Хобдаға дейін шығарып салып, әскер жасағына біраз ат беріп, өзінше көмек еткен екен. Х. Чойбалсын разы көңілмен қызыл дәйлімбіден мақтау куәлік жазып естелік қалдырыпты. 1937 жылдан бастап Үкімет тазалау жүргізіп атыу-асыу басталғанда әлгі маршал Чойбалсынның берген қызыл дәйлімбі марапат куәлігі Шәкен ұрпағын түгелімен нәубәттен аман алып қалған. Сол жылдары Ойғыр, Соғақтан 150 дей адам ұсталып атылып кеткен. Бай ауқатты адамдармен әсіресе діни сауатты адамдардың бірін қалдырмай ұстап әкетіпті. Бұл саяси нәубет бертінге дейін жалғасты.
Атқұмар Дәуіт
1943-жылы құдасы Сәдуге ас бегенде ақындар айтысы жүріліп соңын ала дараланып Жәнжәміл Дәуеңмен айтысыпты. Сонда Жәнжәміл былай депті: Дегенде "Қожаберген", "Қожаберген". Дәуіттің "Көкаяғы" оза берген Ұран сап ескіліктің қалдығы боп Дәуең-ау абақтыдан тоза келген. Дәукеңіңді дымын шығартпай мысын басқан екен. Өйткені Баян-Өлгий аймақта болған үлкен бір бәйгеде атақты жүйрік "Көк аяқ" аты бірінші боп көмбеге келгенде атқұмар Дәуең қызып кетіп "Қожаберген" "Қожаберген"-деп ұран сап көлделеңдеп шауып шығады. Орталықтан үлкен қонақтар кеп қатысқан ұлы той болса керек, атына бәйге берілмейді, келесі келген атты ұстайды. Өзін атымен қоса апарып абақтыға жабады. Көптеген сұрақтар сұрап жауап жүктетіп, атын да өзін де үш күн қамаған екен: - Бұдан былай ұран шақырмайсың, ескіліктің қалдығын көпшілік жиылған жерге неге айтасың? - деген сияқты қоқаң-лоқы көрсетіп қоя береді. Ақын Жәндәміл Даукеңнің осы осалдау тұсынан өлеңмен боратып отырғызып кеткен екен. 1940-45 жылғы соғыс жылдарында монгол халқы Қызыл Армияға көмекке жылқы және ким беріп көмек етті. Дәуіт ақсақалдың ұрпақтарының айтуындағы деректеріне қарағанда соғыс жылдары 3 жылда 90 жылқы сатса, мәленге деп 30 жылқы берген екен.Сол жылдары ел қолындағы жұйрік әрі мықты жылқыларды ауру екен деп жалған дәрі егіп халық қолындағы жылқыны алдап алу жағдайын байқап қалған Дәуіт ақсақал бертінге деиін есіне түссе "не бір асылдың тұқымын жалған екпе егіп халық қоландағы талай жылқыны алып кетті"- деп куйніп отырады екен жарықтық.
У салудың шебері
Малмен жан сақтаған халықтың малын қасқыр қырып тоқтамайды. Аңшылар сол кездегі қолдарындағы берденка мылтықпен атса да бір-екеуін жаралағанымен топты қасқыр айланып соғып, құлын-жабағыдан ештеңе қалдырмай жеп, елдің мазасын кетіріп-ақ жібереді. Дәуіт бір тоқтыны сойып, өзі жасаған уды тоқтының етіне жақсылап сіңіріп, сосын топты қасқырдың саруына апарып тастайды. Ертеңінде-ақ барса 12 қасқыр жәйрап жатқанын көреді. Және бір-екеуі аузына көбік ағып, ұзап кеткенімен ізімен қуып барып атып алады. У салып, бір жолы 12 қасқыр өлтірген Дәуіттің даңқы өлкені шарлап кетеді. Сол жолғы қасқырлардың терісінен тігілген ішік күні бүгін Дәуіттің қара шаңырағында. Көненің көзіндей көріп ұрпағы сақтап келеді екен. Төрінде ілулі тұр.
Жанарбек Ақыби, Монголия, Баян-Өлгей
qazaquni.kz