Қасқыр мен қазақ
2016 ж. 01 ақпан
6662
0
Қасқыр мен қазақтың жан дүниесі бірдей
Қасқырды бөлтірігінен асырап, қаншама жем салып, тойдырып бақсаң да, ол даланы аңсап солай қарап ұлып отырғаны… Бәлкім осыдан ба екен – «Қасқырды қанша асырасаң да түзге қарап ұлығанын қоймайды» деген сөз тегін айтыламаса керек. Қазақтың қолына домбыра беріп сайра десең әр қазақтың бірінің “Туған жер…” деп басталған өлеңі ауылға деген сағынышпен аяқталып жатады. Әңгіме айт десең жылқыны немесе бүркітті әнгіме қып айтса, олардың кеңесі жөп жөкім аяқталуы қиын. Бұл далаға қарап ұзақ уақыт даусым тым ұзаққа жетсін дей ме? Көкке қарап ұлитын қасқырды еріксіз еске түсіреді. Әй, тартпай қалғырлардың тартқанын көрмейсің бе?
Қасқыр мен Қазақ дақыл тағамдарды жақамайды
– Әлемде ет тағамдарын қорек етуден қазақ екінші орын иеленіпті. Бірінші орын, әрине қасқырға тиген. Егер қазақ етті шикідей жей алғанда ғой, онда қасқырдан сәл озық тұрар ма еді. .. жоқ-жоқ қасқырдың алдына түсе көрмейік, жер шарында да етті жануарлар да өмір сүрсінші.
Қасқыр мен қазақтың ашуы, ары бір..
– Қасқыр жөп-жөкім нәрсеге ашулана бермейді. Ал жанына жақынына тиіп кетсең оңдырмайды. Мысалы апанындағы бөлтіріктеріне тиіссең ізіңмен аңдып отырып барған жер не үй қораны біліп алады да, айзы қанғанша сол төңіректің малын бір-бірлеп талап, талқандайды. Тіпті кейде қорадағы малды үйірімен қырып кетеді. Сондықтан сайын дала тағысының мінезін жақсы білетін қасқыр мінез бабаларымыз қасқырдың ашуына орынсыз тимеуге тырысатын. Ал қазақта солай… Қазақтың жан дүниесіне оның ар ашуына тие көрмеңіз.. Шыбын жаныңызды қолыңызға ұстатады… Мен айтпай-ақ қояайын, тарихқа бір шолу жасасаңыз жетіп жатыр. Қазақпен алысқан ұлттар керек десеңіз жер бетінен өшіп те үлгерген… Себебі қазақ киелі ұлт… Қазақтың иесі - сайын дала, тағысы - киелі Көкжал.
Қасқыр мен Қазақ көршісіне адал...
– Дана халқымыз “Ағайының аты озғанша көршінің тайы озсын”- дейді екен. Қазақ көрші десе иіліп бүгіліп сыйластықтың не бір жақсы жағымен қарым- қатынас жасап жатады. Ал қасқыр қанша ашықса да өз апанына жақын қорадағы малға тиіспейді. Міндетті түрде сол қораны айланып өтіп, жемін алыстан әкеліп жейді, немесе бөлтірігіне азықты көбінде ұзақтан тасып асырайды.
qazaquni.kz Жанарбек Ақыбиұлының парақшасынан