Қазақстандық балуан Олимпиада медалін алады
2019 ж. 18 қаңтар
2692
0
Қазақстандық балуан Дәулет Шабанбайдың 2012 жылғы Олимпиаданың жартылай финалындағы қарсыласы грузин Давит Модзманашвили допинг дауына ілікті. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті хабарлады.
"Давит Модзманашвилидің қанынан тыйым салынған препараттар табылып, Олимпиада-2012 ережесін бұзды. Ол қатысқан турнирден шеттетіліп, 120 кг дейінгі салмақта ерлер арасындағы еркін күрестен алған медалін қайтаруға міндеттеледі", — деп жазылған ХОК ресми хабарламасында.
Осылайша, Давит күміс медалінен айырылып, оны ресейлік Билял Махов алады, ал оның "қоласы" қазақстандыққа беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, Рыпакова он жылдан кейін Бейжің Олимпиадасының күміс медалін иеленген болатын. Рыпакова ол кезде үш қарғып секіруден төртінші орын иеленген еді. Алайда кейінірек қола және күміс жүлдегер атанған атлеттер – грекиялық Хрисопия Деветци мен ресейлік Татьяна Лебедеваның допинг пайдаланғаны дәлелденіп, жарыстағы нәтижелері жойылды.
Дереккөз: sputniknews.kz