Головкиннің промоутері Альвареспен үшінші жекпе-жек қашан өтуі мүмкін екенін айтты
2018 ж. 12 қараша
2143
0
Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы үшінші жекпе-жектің келесі жылы қыркүйекте немесе желтоқсанда өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
"Біз әлі Геннадийдің трансляторға қатысты келісімшарт мәселесін шешкен жоқпыз. Біз ол үшін ең жақсы ұсыныстарды таңдап жатырмыз. Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін қарсыласты таңдай бастаймыз. Головкиннің оралуы келесі жылы наурызда, сәуірде немесе мамырда болады деп ойлап отырмыз. Менің Golden Boy-мен келіссөздерім мамырға қатысты емес. Олар үшінші жекпе-жекті желтоқсанда өткізгісі келеді, олар мамырда біреумен кездеседі. Сондықтан, Головкин-Альварес III жекпе-жегін көруіміз мүмкін ең жақын уақыт - келесі жылдың желтоқсаны немесе қыркүйегі", - деді Леффлер.
Айта кетейік, "Канеломен" өткен екінші жекпе-жекте Головкин жеңілді және биылғы ең соңғы кездесуі болды. GGG тікелей реванш сұрады, бірақ WBC рұқсат бермеді. Альварестің келесі жекпе-жегі 15 желтоқсанда Нью-Йоркте (АҚШ) өтеді, қарсыласы - екінші орта салмақта WBA чемпионы ұлыбританиялық Рокки Филдинг (27-1, 15 КО). Егер "Канело" жеңсе, ол үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы болады.