Денис Теннің өліміне қатысы бар үшінші адам ұсталды
2018 ж. 27 шілде
3062
0
Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша үш адам қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бас прокуратура аталған істі бақылауына алды, процессуалды прокурор тағайындалды. Қазіргі таңда екі бап бойынш іс қозғалды: "Топпен қасақана адам өлтіру" және "Қарақшылық". Аталған қылмысты жасады деген күдікпен үш адам қамауға алынды. Жиналған айғақтар жеткілікті, прокурор заңдылықты тексеріп жатыр, сот қамуға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады", —деді ол.
Ахметжанов үшінші адамның "хабар бермегені" үшін қамауға алынғанын атап өтті.