Хорватия футболшылары әлем чемпионатынан алған табысының бәрін қайырымдылыққа жұмсады
2018 ж. 19 шілде
6042
0
Хорватия ұлттық құрамасының барлық ойыншысы чемпионаттан тапқан табысының бәрін Балаларға көмек қорына өткізеді.
Бұл туралы Фейсбукте команда бас бапкері Златко Далич мәлімдеді, - деп жазды stan.kz.
“Команданың барлық ойыншысы алған сыйақысының бәрін Хорватияның балаларға арнайы көмек қорына береді. Тұрмысы төмен балалар осы ақшаға жазғы демалыстарын Адриат теңізінде өткізетін болды. Олар теңізді ешқашан көрмеген. Енді 7 күн бойы демалады. Хорватия еліне әлем чемпионы атанамыз деп уәде береміз”, – деп жазады бапкер желідегі парақшасында.
Франция футболшысы Килиан Мбаппе де Әлем чемпионатынан алған ақшасын қайырымдылыққа жұмсаған болатын.