Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
2017 ж. 29 қараша
2294
1
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес Boxeo de Nocaut тілшісі Эктор Исласқа мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өтуі мүмкін реванш туралы айтып берді, деп жазды Sports.kz.
«Біз Оскар (Де ла Хойя) және Golden Boy президенті Эрикпен (Гомес) сөйлесіп жатырмыз. Әрине, «Синко де майо» мерекесінде «Канеломен» реванш өткізгіміз келеді. Егер сол күнге реванш өткізу туралы келісімге келе алмасақ, онда Геннадий наурызда басқа боксшымен жұдырықтасады. Біз күте алмаймыз, оған жаттығу жасау керек», – деді Санчес.
Айта кетейік, Головкин мен Альварес алғашқы жекпе-жекте тең түсті.
1XBET букмекерлік кеңсесі реваншқа мынадай коэффициенттер ұсынып отыр: Головкиннің жеңісі – 1.752, Альварестің жеңісі – 2.13, тең нәтиже – 21.