Астанада спринтерлік қашықтыққа (750 м/жүзу – 20 км/велосипед – 5 км/жүгіру) триатлоннан Азия Кубогының (Astana Asian Cup 2017) екінші күні өтіп жатыр. Қазақстан Триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімов барлық қатысушыны, ұйымдастырушылар мен көрермендерді чемпионаттың ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Мәсімов Астанада Ironman сериясы өтетінін айтты
2017 ж. 30 шілде
2141
1
Біріншілікке Халықаралық триатлон одағы (ITU) рейтингіне кіретін әлемнің тек кәсіби спортшылары ғана қатысуда.
«Қазақстан Триатлон федерациясы атынан барлық қатысушыны, ұйымдастырушылар мен көрермендерді Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылуымен құттықтаймын. Ұзақ қашықтыққа арналған триатлон әлемде және біздің елімізде күн өткен сайын танымал болып келе жатыр. Кеше ғана мұнда Триатлон Паркте ITU (International Triathlon Union) ұйымының қамқорлығымен триатлоннан Азия Кубогының кезеңін тамашаладыңыздар», - деді Кәрім Мәсімов.
Қазақстан Триатлон федерациясы президентінің айтуынша, Ironman қолдауымен жарыстар өткізу арқылы ғана елімізде кезеңді одан әрі дамытуға және спортты насихаттауға болады.
«Таяуда ғана Астанада Ironman сериясының жарыстарын өткізу туралы WTC-мен (World Triathlon Corporation) ұзақмерзімді келісім жасалды. Бүгінгі жарысқа қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге келесі жылдың шілдесінде Ironman 70.3 Astana сайысы өтетін тасжолмен алғашқы болып жүріп өтуге тамаша мүмкіндік беріліп отыр. Барлығыңызға сәттілік тілеймін, шын мықты жеңіске жетсін!», - деп түйіндеді ол.