Майк Тайсон сексуалды зорлық-зомбылықтың құрбаны болды
2017 ж. 25 шілде
3807
1
Әйгілі бокшсы Майк Тайсон жеті жасар бала кезінде сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық құрбаны болды. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы espn арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Телеарнаға берген сұхбатында боксшы оны көшеде педофилдің ұстап алғанын айтты.
"Ол мені бір ғимаратқа кіргізіп алып, ойына келгенін істеді. Мен кішкентай болатынмын. Одан кейін оны көрмедім" - деді Тайсон.
Спортшының сөзінше, ол бұл жайт туралы бұрын-соңды ешкімге айтпаған. Алайда, Тайсонның өзі 1992 жылы қыз зорлағаны үшін түрмеге қамалып, 1995 жылы босап шыққан. Сондай-ақ, Майктың тағы бір танымал боксшы Эвандер Холифилдтің жекпе-жек кезінде құлағын тістеп алғаны белгілі. Тайсонның өзі жекпе-жек алдында көбінде есірткі қабылдап шығатынын мойындаған болатын.
Тайсон өзінің кәсіби спорттық мансабын 2005 жылы аяқтады.