Бхубанешварда жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті

Үндістанның Бхубанешвар қаласында жеңіл атлетикадан XXII Азия чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Азия чемпонатының ашылу салантанаты бүгін, яғни 5 шілдеде 3, 5 ай бұрын ғана жөндеу жұмыстары басталған Бхубанешвардағы «Kalinga» стадионында өтті. Ұйымдастырушылар көремендерге 2 сағатқа созылған керемет шоу сыйлады. Салтанатты шара кезінде жарысты ұйымдастырушы мемлекеттің тарихы, «Айдаһар биі», үндістердің дәстүрлі биі көрсетілді. Сондай-ақ соңында отшашу болды. Жеңіл атлетиканың мамандары ашылу салтанатын өте жоғары бағалады. Ұйымдастырушылар жоғары деңгейде дайындалған. Бұл соңғы жылдардағы Азиядағы ең үздік ашылу салтанатарының бірі болды.

Қазақстан құрамасының туын балға лақтырушы Диана Нүсіпбекова алып жүрді. Ашылу салтанатына 6 шілде күні жүгіретін спринтерлер – Виктория Зябкина мен Ольга Сафронова, сонымен қатар дискобол Евгений Миловацкий және т.б атлеттер қатысқан жоқ.

Жалпы алғанда, Бхубанешвардағы Азия чемпионатында құрлықтың 800 үздік атлеті өнер көрсетеді. Олар 45 елдің намысын қорғайды. Қазақстан командасы Үндістанға 3 шілде күні ұшып келді. Біздің елдің делегациясы Астана және Алматы қалаларынан жиналып, екі топ болып барды. Сары құрлық додасында еліміздің атынан 31 спортшы сынға түседі. Олар алдағы Лондонда өтетін әлем чемпионатының нормативін орындауға тырысады.

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы

Ерлер

Владислав Григорьев (100 және 200 метрге жүгіру), Иван Иванов (ядро серпу) Вячеслав Земс (110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру) Артур Гафнер (найза лақтыру), Данил Полянский (сырықпен секіру), Роман Лошкарев (биіктікке секіру), Александр Киселев (ұзындыққа секіру), Игорь Кондратьев (400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Дмитрий Коблов (400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Андрей Соколов (400 метрге жүгіру және 4х400 бойынша эстафета), Роман Валиев (үш қарғып секіру), Алексей Гусаров (1500 метрге жүгіру), Евгений Миловацкий (диск лақтыру).

Әйелдер

Виктория Зябкина (100 және 200 метрге жүгіру және 4х100 бойынша эстафета), Ольга Сафронова (100 және 200 метрге жүгіру және 4х100 бойынша эстафета), Римма Кашафутдинова (4х100 бойынша эстафета), Светлана Голендова (4х100 және 4х400 бойынша эстафета) Юлия Рахманова (4х100 бойынша эстафета), Анастасия Тулапина (4х100 бойынша эстафета).\, Анастасия Виноградова (100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Әйгерім Шыназбекова (100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру) Элина Михина метрге жүгіру, 4х100 бойынша эстафета), Мерджен Ишангулиева ( 400 метрге тосқауылдар жүгіру, 4х100 бойынша эстафета), Татьяна Нерознак (800, 1500 метрге жүгіру, 4х100 бойынша эстафета), Аделина Ахметова (400 метрге тосқауылдар жүгіру, 4х100 бойынша эстафета)Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Ирина Эктова (үш қарғып секіру), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру), Диана Нүсіпбекова (балға лақтыру), Варвара Назарова (найза лақтыру), Надежда Кирнос (жетісайыс).

Айта кетейік, XXII Азия чемпионаты 6-9 шілде аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласында өтеді.