Светлана Подобедова 8 жылға спорттан шеттетілді
2017 ж. 05 мамыр
2237
0
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (ХААФ) допинг сынамаларында тыйым салынған препараттар табылған үш қазақстандық ауыр атлетке қатысты санкция қолдану туралы ресми шешім шығарды, деп хабарлады «ҚазАқпарат».
Федерацияда хабарлағандай, ХААФ тәртіптік комиссиясының шешіміне сәйкес Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло спорттан екі жылға, ал Светлана Подобедова 8 жылға шеттетілді. Шешім Лондондағы Олимпиаданың допинг сынамасын талдау нәтижесінен тыйым салынған заттар табылған сәттен, яғни 2016 жылғы 26 мамырдан бастап күшіне енеді. ҚР ААФ жәрдемімен спортшылар өздерінің олимпиадалық емес жетістіктері, титулдары мен наградаларын қорғап қалды. Еске салсақ, Федерация бастамасымен құрылған зертханалық талдау және спорттық құқық саласындағы адвокаттар мен мамандар тобы бірнеше ай аралығында қазақстандық спортшылардың талдауын егжей-тегжейлі зерттеді және атлеттерге тергеу мен сот үдерісінің барлық кезеңдеріне қолдау көрсетті.