Жүргізуші Головкинге анайы сұрақ қойды
2017 ж. 12 қаңтар
3537
1
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин Power радиостанциясындағы The Breakfast Club бағдарламасының жүргізушісіне сұхбат берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Әңгіме барысында GGG алдағы жекпе-жегі жайлы және қарсыластарының деңгейіне қатысты айтылып жүрген сынға жауап берді.
"Қалған боксшылардың маған неліктен жолағысы келмейтінін білемін. Бұл менің бас ауыртар мәселем емес. Менің бапкерімнен сұраңыз (Абель Санчес), бұл оның кінәсі", - деп күлді ол.
"Өздеріңіз білесіздер ғой, мен кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын. Кез келген боксшымен келіссөзге дайынмын. Дәл қазір мен қиын жағдайдамын. Барлығы "Мен үздікпін, мықтымын, жекпе-жекке дайнмын!" дейді. Сосын оларға "Онда келісімшартқа қол қой" деймін. Сонымен бітеді. Ешкім де қол қоймайды", - дейді Головкин.
Сонымен қатар, радио жүргізушісі боксшының жекпе-жек алдында секспен айналысуға деген көзқарасын сұрады. "Бұл проблема емес. Секс - секс, ішу - ішу, таңғы асты ішу де - қарапайым таңғы асты ішу болып қала береді. Бірақ жекпе-жекке бір апта қалғанда, секс туралы ойлай алмайсың, боксқа жан-тәніңмен берілуің керек - бұл енді басқа жағдай", - деді қазақстандық боксшы.
"Мен рингке шыққанда қорқып қалған емеспін. Жұдырықтасу ұнайды, қызық. Бұдан жақсы бокс шығады. Бокс мен үшін бірінші кезекте спорт", - деді ол.
Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.