ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОЛИМПИАДАЛЫҚ "ПОНТЫ" ЖАРЫЛДЫ!
2016 ж. 31 қазан
2305
0
Масқара!!! Халықаралық Олимпиадалық комитет Лозанна қаласында өткен тәртіптік мәселелер бойынша отырысында жарыс кезінде допинг қолданғаны үшін Қазақстанның ауыр атлетикадан құрма командасының бес бірдей мүшесін Олимпиада жеңімпазы атақтарынан айырды. Олимпиада ойындарының жеңімпазы болған Илья Ильиннің (2008 жыл – алтын, 2012 жылы – алтын), Зульфия Чиншанло (2012 жылы – алтын), Майя Манеза (2012 жылы – алтын) және Светлана Подобедова (2012 жылы – алтын) медальдары қайтарылып алынатын болды!
Енді тексеру қорытындылары бойынша осы айыппен Мария Грабовецкая – қола, Ирина Некрасова – күміс медальдарынан айырылуы ықтимал.
Команданың осындай жағымсыз жағдайға ұшырауы бұл спортшылардың жекелеген қателіктерінен емес, басшылық тарапынан алдын ала әдейі ұйымдастырылған әрекеттен туындағаны байқалады. Спорт төңірегінен нан тауып жүргендердің айтуынша елімізді допинг-дауға ұрындырған ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы Алексей Ни көрінеді. Бас жаттықтырушыны да, оның Ақордадағы желеп-жебеушілерін де жарға итермелеген қазақстандық ПОНТ сияқты.
Қалайда Елбасы алдында жақсы аттанушылық, кесерткедей күмпиюшілік, болмағанды болдыртуға тырысушылық Қазақстанды бүкіл әлем алдында осындай ұятты жағдайға ұрындырды.
«Әр нәрседе бір қайыр бар» деген. Билік басындағылар бұдан тез арада лайықты қорытынды шығарулары қажет деп есептеймін.
1. Ең алдымен ұлттық құрамалар басшылығына қазақтар қойылсын! Енді Ни сияқтылардан пайда жоқ.
2. Шетелдерден легионер тарту тоқтатылсын! Өз спортшыларымыз допингсіз-ақ, ақша сұрамастан ұлт намысы үшін жарыс алаңына шыға алады.
3. Ұлттық құрамаларға өз ұлтымыздың өкілдері көптеп тартылсын!
4. ХОК-ке тестілік сараптама нәтижелері Олимпиада ойындары өткен соң бірнеше жылдан кейін емес тура жарыс алдында жарты сағат бұрын хабарлануы туралы ұсыныс жасалынсын! Бұл допинг қолданғандарды жарысқа қатысу мүмкіндігін айырады.
Марат Тоқашбаев,