Қазақстандық боксшы "Странджа" турнирінде алтын иеленді
2016 ж. 29 ақпан
1896
0
49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Ержан Жомарт халықаралық "Странджа" турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының сайтында хабарланды. Айта кетейік, турнир 22-28 ақпан аралығында Болгарияда өтті.
Финалда Ержан Жомарт әуелі қытайлық спортшы (2:1) Лю Бинді жеңіп, кейін шаршы алаңның иесі Тинко Банабаковты 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Ержан Жомарт. © Кfb.kz
Осы турнирде өнер көрсеткен қазақстандық өзге спортшылар жүлделі орындардан көріне алмады. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жақсылық Ілиясов өзбекстандық Хуршиу Тожибаевтан жеңіліп, жарыс жолынан ерте шығып қалса, Бекзод Халмедов (69 келі), Алмасбек Әлібеков (64 келі) және Вадим Казаков (81 келі) жартылай финалға дейін ғана өнер көрсетті.
Дерек көзі:tengrinews.kz