Головкин – Facebook-тегі ең танымал қазақстандық атанды

Facebook әлеуметтік желісіндегі ең танымал 30 қазақстандықтың тізімін Pandaland.kz сайты жасады. Алғашқы орын 113 мың оқырманы бар Геннадий Головкиннің еншісінде.

217229

«Ол елінің мақтанышы ғана емес, кәсіби боксшының әр жекпе-жегін асыға күтетін жандар  әлемнің түкпір-түкпірінде миллиондап саналады. Жанкүйерлер Facebook парақшаларында Геннадийдің әр айқасы жайлы видеоларды, фотосуреттерді жариялап, ол туралы жазылған мақалаларға өз пікірлерін білдіріп жатады. Біз егер орта салмақтағы әлемнің суперчемпионы қазақстандық спортшының  Facebook-те өз парақшасы болса, жазылушылар бірнеше есе көп боларына сенімдіміз», – деп хабарлайды сайт.

Сонымен қатар бұл тізімге тағы бір қазақстандық спорттың өкілі, «Астана» командасының автошабандозы Айдын Рахымбаев та еніп отыр. 3132 оқырманы бар Айдын 26-орында.

Дереккөз: ИА "Казинформ"