Әлемнің үздік футболшысы Фабио Каннаваро түрмеге қамалды
2015 ж. 26 ақпан
1198
0
2006 жылғы әлем чемпионы және осы жылғы үздік ойыншы итальяндық Фабио Каннавароға полицейлердің тыйымын бұзғаны үшін 10 айға бас бостандығынан айыру үкімі шықты, деп хабарлады The Guardian.
Қазір ол қытайлық "Гуанчжоу Эвергранд" клубын басқарады. Италияның құрамасының бұрынғы қорғаушысының үйі тергеуге байланысты құлыпталған еді.
Бірақ Каннаваро өз меншігіне қатысты полицейлердің тыйымын бұзған. Оған қатысты салық төлеуден жалтарғаны үшін тергеу жүргізілуде.