Бұл отандасымыздың кәсіби карьерасындағы 19-кездесуі. Оңтүстік америкалық боксшы бүгінге дейін 22 жекпе-жек өткізіп, 19-ында жеңіске жеткен (8 нокаут), ал үшеуінде жеңілген.
Ал Қанат Ислам шаршы алаңда 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті (15 нокаут). Айта кету керек, бұл жолғы жекпе-жекте боксшылар орта салмақтағы WBA International белбеуін сарапқа салады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша 7-орында тұрған қазақстандық боксшы 2015 жылдың қаңтарында 2 орын сырғып 9-орынға тұрақтады.
Қанат өткен жылдың тамызынан бері жекпе-жек өткізбеген еді. Ол соңғы кездесуінде колумбиялық Фидель Монтерроса Муньосты 5-раундта нокаутпен ұтты.