Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қазнетте ең көп талқыланған cпортшы атанды
2014 ж. 25 желтоқсан
5288
4
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қазнет пайдаланушылары арасында ең көп талқыланған спортшылар тізімінде көш бастады.
Спортшымыздың танымалдылығы Қытайда өткен Азия біріншілігінде жергілікті жанкүйерлердің назарына іліккеннен кейін басталды.
Әлемнің көптеген мемлекеттерінде қазақстандық спортшы жайлы бейнероликтер түсіріліп, мультфильм кейіпкері ретінде салынған суреттері ғаламтор беттерінде әп-сәтте тарап кетті. Бір-ақ күнде жұлдызы жанған спортшы бүгінде әлем сұлуларының көшін бастап тұр.

