ИНЧХОН-2014: Қазақстандық балуандар «күміс» пен «қоланы» еншіледі
2014 ж. 27 қыркүйек
1528
0
Бүгін Инчхонда еркін күрес шеберлері наградалар кешенін бөліске салды, деп хабарлайды sports.kz.
Еліміздің намысын ақтық сында 57 келі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық Расул Қалиев ақтады. Ол солтүстіккореялық Хак Джинмен бел теңестірді. Өкінішке орай КХДР спортшысы 3:1 есебімен басым түсті, Қалиевте - «күміс».
Әйелдер құрамасы бойыншы «қола» үшін болған бәсекеде 48 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Татьяна Аманжолдың жолы болды. Ол тай спортшысы Маливан Муангпорды 4:0 есебімен сүріндіріп, Азиададағы біздің құрама қоржынына салынған 37-ші медальдің иесі болды.
Источник: inform.kz