Таиландтық волейбол клубы Сабина Алтынбекованы сатып алмақ...

«Sisaket» волейбол командасы қазақстандық сұлу Сабина Алтынбекова 2015 жылғы Тайланд Ұлттық волейбол лигасындағы ойындарға қатысатынына үмітті, деп хабарлады Sports.kz bangkok.coconuts.co сайтына сілтемемен.

Sisaket клубының өкілдері волейбол бойынша ҚР құрамасының мүшесі  Сабина Алтынбекованың басқа командаға көшуі туралы спортшының өзімен де, ата-анасымен де келіссөздер жүргізуге дайын. Sisaket спорт қауымдастығының жетекшісі Сирипонг Ангкасаккулкиат журналистерге клуб Сабина үшін 1 млн-нан  10 млн. тайландтық бат (31,3 мың - 313 мың доллар) төлеуге әзір екенін айтты.

Ангкасаккулкиат деректерінше, Сабина Алтынбекованы Филиппиндіктер де сатып алуға ниетті.

Еске сала кетейік, 18 жастағы қазақстандық Сабина Алтынбекова Тайбэйде жастар арасында волейбол бойынша Азия чемпионатынан кейін белгілі болды. Қазақстандық бойжеткен сол кезде жарыстағы ең сұлу спортшы атағына ие болған.

http://new.inform.kz/