"Астана" испандық "Вильярреалдан" ойсырай ұтылды (фото)
2014 ж. 22 тамыз
1965
0
Қазақстанның "Астана" футбол командасы Еуропа Лигасының плей-офф сынында өз алаңында "Вильярреалдан" 0:3 есебiмен жеңiлiс тапты.
Бiрiншi таймда ойынды қарқынды бастаған алаң иелерi испаниялық клубтың қақпасына гол сала алмады. Керiсiнше, есептi 33-минутта Кани ашып, қарсыластар алға шықты.
Екiншi таймда Джованни Дос Сантос есептi еселей түстi. Ал матчтың 85-минутында Марио Гаспар үшiншi голдың авторы атанды.
Қарымта матч 28 тамызда Испанияда өтедi.
Матчтан кейiнгi баспасөз мәслихатында команданың бас бапкерi Станимир Стойлов испаниялық "Вильярреалмен" болған кездесу "Астана" футбол клубы үшiн үлкен сабақ болды деп мәлімдеді.
"Бүгiн бiз барлық күшiмiздi ойынға жiбердiк. Жеңiске деген құштарлық та, мiнез де, рух та болды. Бiз өз мүмкiндiгiмiздiң ең жоғары шегiне жеттiк. Бiзде көп оңтайлы жағдайлар болды гол салатын, дегенмен оны жүзеге асыра алмадық. Жалпы ойын жоғары деңгейде өттi. Бiз өте мықты командамен ойнадық. Бұл - біз үшiн лкен сабақ. Сонымен қатар, мен қазыларға көңiлiм толмады. Ойынның басында ол екi сары қағаз көрсеттi бiрден. Бұл да әсер етті" , - дедi ол.
Станимир Стойлов "Астана" мен "Вильярреал" арасындағы текетiреске әлi нүкте қойылған жоқ деп отыр.
"Испанияда қарымта матч өткiземiз. Бiз жан салып ойнайтын боламыз. Ойында барлығы мүмкiн", - деп атап өттi бапкер. Сондай-ақ болгарлық маман қазақстандық жанкүйерлерге дән ризашылығын бiлдiрудi ұмытпады.
"Команданы осыншама көп жанкүйерлер келгенi керемет болды. Бүгiн халық футболды сүйетiндiгiн көрсеттi. Бұл Астана үшiн, Қазақстан үшiн мейрам болеаны сөзсiз. Футболшылар бар күшiн салды, тырысты. Жеңiлерміз, бiрақ жеңiске ұмтылған сайын, бізді қолдаушылар көбей түспек", - дейдi Стойлов.