БЕС БОКСШЫМЫЗ – ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА

666Болгарияның бас қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер толықтай аяқталып, Қазақстанның бес боксшысы жартылай финалға шықты, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл – қоржында бес медаль бар деген сөз. Мұның қаншасы алтын, қаншауы күміс пен қола медаль болады, оны алдағы екі күнгі жекпе-жектер шешеді.

 Қазақстан боксшылары жекпе-жектерінің нәтижелері

Ширек финал

Қыздар

51 келі: Алуа Балқыбекова – Тхан Тхай Нгуен (Вьетнам) – 3:0

75 келі: Валентина Хальзова – Ньен-Чин Чен (Тайпей) – 1:2

Жігіттер

49 келі: Шалқар Айқынбай – Субару Мурата (Жапония) – 2:1

56 келі: Сұлтан Зауырбек – Микал Такакс (Словакия) – 3:0

60 келі: Абылайхан Жүсіпов – Ричард Конню (Венгрия) – 3:0

75 келі: Бекжан Бәкіров – Лука Плантич (Хорватия) – 0:3

81 келі: Вадим Казаков – Уфук Текнежи (Түркия) – 3:0