Арман Оспанов самбодан әлем чемпионы атанды
2013 ж. 25 қараша
1625
0

Финалда Оспанов Ресей спортшысы Руслан Гасанхановты жеңді. Ал оның қарсыласы болса, бас төрешінің шешіміне қарсылық ретінде одан әрі күресуден бас тартты. Ресей спортшысы қазақстандықтан 3:7 есебімен ұтылып жатқан болатын және оның пікірінше, «соттың әділетсіз шешімінен кейін», белдесуін тоқтатқан.
Қазақстанның тағы бір спортшысы Әсет Әлдешев 52 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
Еске сала кетейік, Санкт-Петерборда самбодан өтіп жатқан әлем чемпионаты бүгін аяқталады.
"ҚазАқпарат"